Kyzylorda-news.kz  16 жасында тұрмыс құрған Абай Бегейдің қызы Сымбат енесіне алтын сағат сыйлады. Бұл туралы Сыбат Абайқызы өз инстаграм парақшасына жариялады. 

– Қашанда еңбектің бағаланғанын жақсы көремін. Өздеріңіз куәсіздер Мұстафа екеуміздің тойымызға енем бүткіл маңдай терімен жинаған малын шашты. “Қандай көйлектер киесің? Ұнатқаныңның бәәәрін ал Ботам” – деп мені қуанту үшін барын салды. Сол үшін менде осы күнге дейін жинаған қаражатыма Енемді қуантып АЛТЫН САҒАТ сыйлайыншы дедім.
Бұл менің шын жүрегімнен шыққан с ы й л ы ғ ы м. Сізге 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым", – дейді Сымбат Абайқызы.

Блогердің енесі де қымбат сыйлық күтпегенін айтып, көз жасына ерік берді.

“Жаным сол! Ботақаным сол! Мұндай қымбат сыйлық сыйлайды деп ойлаған жоқпын, шок болып қалдым. Рахмет, жаным! Өзіңе мың еселеп қайтсын!”, – деп алғыс білдірді енесі.

Фото: Видеодан скриншот

Тағы да оқыңыз: