Kyzylorda-news.kz. Бүгін – қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Үкімет қаулысымен өткен жылы Абайдың 175 жылдығында Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні деп бекітілді.
Абай күні – қазақтың ізгілікпен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы!Мен тілі басқа тілегі бір этнос өкілі ретінде – былтырдан бастап мереке ретінде тойланатын бұл күнді асыға күтемін. Мен үшін Абай құбылысын ерекше құрметтеу бұлжымас парыз.Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі.
Абай шығармалары бірнеше тілге аударылып, әлемдік деңгейде кең көлемде насихатталуда. Мен Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен ерекше бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін рухани азық аламын. «Біріңді қазақ бірің дос» демекші, барша адамзат баласын өзіне бауыр, дос көрген Абай әлемі – әлемдік деңгейдегі құны мол мұра.
Наталия Баркова,
Қазалы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі