Kyzylorda-news.kz. Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО Ағарту ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Подольский Марк Захарович - №200 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берді.
90-ның төріне шыққан сала ардагеріне алғашқы дауыс беруші ретінде құрметпен сый-сияпат көрсетілді.
«Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын Президент сайлауы өтуде. Бізді алдымызда оң өзгерістер күтіп тұр. Оны халық болып, қоғам болып бірге жасауымыз қажет. Сондықтан еліміздің дамуы, тұрақтылығы мен болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», - деді М. Подольский.


