9 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

9 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

09.12.2019, 8:30

606 0

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы 1 қарашада Бас Ассамблея қабылдаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат бойынша оған қол қойған мемлекеттер пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауға міндеттеледі. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.

1996 жылы Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

1997 жылы Тегеранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды.

2008 жылы Қарағандыда ұлы Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ескерткіш авторы – мүсінші Асқар Нартов. Биіктігі бес метрлік мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған.

0

Пікір қалдыру