Kyzylorda-news.kz«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республика өңірлерінде жаңбыр, қар жауады.

Тек елдің оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.

Тағы да оқыңыз: