Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 9 қыркүйек, сенбі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Тек елдің шығысынды жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады.

Қазақсстанның шығысында, орталығында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Тағы да оқыңыз: