Kyzylorda-news.kz Орталық референдум комиссиясы Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесін жариялады. Дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған.  Ал 898 099 адам “Жоқ, қабылдамаймын” деп дауыс берген.

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % болды. Референдумда Конституцияны қолдап, дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % болды.

Берілген дауыс санын есептеу кезінде 146 558 дана жарамсыз бюллетень анықталған. Ал жарамды, бірақ есепке алынбаған бюллетеньдер саны – 127 868 дана.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: