8 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

8 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

08.12.2019, 8:30

443 0

Халықаралық суретшілер күні

Атаулы күн әлемдік ауқымдағы қоғамдық-маңызды оқиғалар күнтізбесіне 2007 жылы енгізілді. Оған «Әлем халықтары өнері» Халықаралық қауымдастығының өкілдері бастамашыл болды.

Өзбекстанның Конституциясы күні

1992 жылғы 8 желтоқсанда өткен Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің 11-сессиясында қабылданды.

1991 жылы Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 21 желтоқсан күні Алматыда ТМД-ның Басты қағидалары мен мақсаттары декларациясына Беларусь, Ресей, Украина, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан қол қойды. 1993 жылы ТМД-ның Жарғысы қабылданды. Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Мемлекетаралық экономикалық кеңес, Санкт-Петербургтағы үкіметаралық ассамблеяның орталығы секілді тағы басқа органдары құрылды. ТМД-ның тұрақты жұмыс істейтін органы – Минскідегі үйлестіру кеңесі комитеті.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылды, оның президенті болып О.Жолдасбеков тағайындалды. Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталығы жұмыс істейді, ол бүкіл Қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста.

2009 жылы Осакада (Жапония) Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі болып өтті. Құрметті консул болып әлемге танымал «Тошиба» корпорациясының вице-президенті Широ Кавашита тағайындалды. Консулдықтың ашылу салтанатына Жапонияның ресми тұлғалары, ірі компаниялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Елшілік аумағында Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Осакадағы Құрметті консулдығының басты міндеті – екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту.

0

Пікір қалдыру