Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды, облыснынң кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.