8 наурызға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

8 наурызға арналған ауа райы болжамы

08.03.2021, 9:00

320 0

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы 8-наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 8 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

0

Пікір қалдыру