Халықаралық азаматтық авиация күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Чикаго қаласында өткен (АҚШ) конференцияға мүше – 52 мемлекет өкілдерінің Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған күнінен бастап атап өтіледі.

1963 жылы Жамбыл қаласында халық ақыны Жамбыл Жабаевқа қола ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы – Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Х.Наурызбаев.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мәртебесі мен жұмыс істеу параметрін анықтайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңына қол қойды.

2016 жылы Атырау қаласында Қашаған жобасының ресми ашылуы болды.

Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бірінші теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ еліміздегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба.

2017 жылы белгілі спортшы, 2016 жылы өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллина 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Халықаралық Паралимпиада комитеті Зульфияға 2017 жылғы Бүкіләлемдік жеңістер сериясы үшін арнайы награда табыстады.

Тағы да оқыңыз: