1981 жылы Қызылорда қаласында туберкулезге қарсы 150 орындық балалар санаториясының ғимараты пайдалануға берілді.

1954 жылы Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенция күшіне енді. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1952 жылғы желтоқсанның 20-ында қабылдаған болатын.

1977 жылы Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты) құрылды.

1995 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтой басталды.

2000 жылы Нұр-Сұлтанда жаңа Орталық алаң ашылды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы Қазақстан банк жүйесінің тарихында алғаш рет және ТМД елдерінен бірінші болып банк қызметтерінің сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестілік туралы сертификатқа ие болды. Әлемнің 148 мемлекетін біріктіретін бұл стандартты Халықаралық ISO стандарттау орталығы өңдеген.

2010 жылы Польшада Қазақстан елшілігінің ықпалдасуымен «Қазақтың 100 әні. Таңдамалы шығармалар» қазақтың музыкалық шығармаларының бірегей жинағы жарық көрді. Жинақ авторы – Александр Затаевич. Ол үш тілде – қазақ, поляк және орыс тілдерінде жарық көрген.

2013 жылы Қазанда ресми түрде Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды. Ресейдегі Қазақстан Елшісі Ғалым Оразбақов Татарстан Президенті Рустам Миннихановқа және Қазан қаласының мэрі Ильрус Метшинге қала орталығынан консулдыққа ғимарат бөліп бергені үшін алғысын білдірді. Ол осы ғимаратта Қазақстанның сауда өкілдігі және «Эйр Астана» әуе компаниясының аймақтық бөлімшесі орналасатынын айтты.

2015 жылы ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен прайм тайм уақытта Қытайдың орталық телевидениесі бойынша CCTV-6 арнасында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы жолы» – «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмі көрсетілді.

2015 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы фильм Германиядағы Дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдары фестивалінде бірінші орын алды. Фестивальге барлығы 38 ел және 40-қа жуық корпорация, агенттік, телеарна қатысты. «EXPO Family Film» (ЭКСПО-ның отбасылық фильмі) «Корпоративтік коммуникациялар: келушілерге арналған ақпарат» аталымында «алтын» жүлдеге ие болды.

2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен елорда күніне орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара қаласында су қоймасы жағасынан екі қабатты, заманауи үлгіде салынған жаңа мұражай ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.

Тағы да оқыңыз: