Kyzylorda-news.kz. Бүгінде прокуратура органдары ел аумағында заңдылықтың сақталуын қадағалайтын бірден бір жауапты сала. 

Қазіргі таңда  жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың жұмысын оңтайлы үйлестірудің нәтижесінде аймақта криминогенді ахуал тұрақты сақталуда. Нақтырақ айтқанда, өңірде жалпы қылмыстық іс-әрекет өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетов мәлімдеді.

“Елімізде 6 желтоқсан – Прокуратура органдарының кәсіби мерекесі. Бұл дата 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Осы кезден бастап прокуратура саласы Конституцияда негізделген Заң аясында қарқынды жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда прокуратура органдарының қызметкерлері бір тетік арқылы жұмыс істеу жүйесіне көшкен. Осы арқылы мыңдаған тұлға туралы мәліметті толық тексеруге мүмкіндік бар. Жалпы жыл басынан бері прокурорлармен заңсыз ұсталған және әрекеті тергеу органымен заңсыз сараланған 91 адамның Конституциялық құқықтары сақталды”, - деді Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма басшысы Батырбек Қабылбекұлы.

Басшының айтуынша, биыл Сыр өңірінде жалпы қылмыстық деректер былтырғы жылмен салыстырғанда біршама азайған. Сонымен қатар алаяқтық қылмысы республика көлемінде 7 пайызға өсім алған. Ал Қызылорда облысында көлемінде керісінше 704-тен 658-ге, яғни, 6 пайызға төмендеген.

“Биыл аймақта жалпы қылмыстық деректер былтырғы жылмен салыстырғанда 588 қылмысқа азайды. Сонымен қатар осы жылы облыс көлеміндегі алаяқтық қылмыс деңгейі 6 пайызға кеміді. Бұл қылмыстық іс-әрекетке қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып атқарған жұмыстардың нәтижесі”, - дейді Батырбек Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, алаяқтық үшін өткен жылы 69 адам сотталып, оның 39-на түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталғандардың 45-і әйел азаматшалар, оның 28-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Биылғы жылы 48 адам сотталып, оның 13-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Осы жылы тіркелген 667 алаяқтық қылмысының 324-і, яғни, 48 пайызы интернет алаяқтықтың қылмысы болып отыр.

318478258_1681289548933217_6772233099389479903_n.jpg

Тағы да оқыңыз: