Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда өңіріндегі 6 саяси партияның өкілі алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауын әділ өткізу туралы бірлескен меморандумға қол қойды.
«Аманат» партиясы, Қазақстан «Халық» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы, қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respublica» партиясы құжатқа қол қоя отырып, сайлауда әділ әрі заң шеңберінде бәсеке жүргізуге уағдаласты.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов мұндай қадам адал бәсекелестікке негізделіп, саяси мәдениет қалыптастыруға жол ашатынын атап өтті.
Айта кетейік, аймақта 520 азамат кандидат ретінде тіркелді.
