Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күні

Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күнін енгізу бастамасын Қытайдың зиянкестермен күрес қауымдастығы 2017 жылы көтерді. Оның бастамасын басқа ұлттық және өңірлік ұйымдар да қолдады. Негізгі міндеті – кең жұртшылықтың назарын зиянкестерге қарсы күрестің қоғамдық денсаулықты сақтаудағы маңызына аудару.

Орыс тілі күні

Бұл мереке халықаралық күнтізбеде 2010 жылы БҰҰ қоғаммен байланыс департаментінің ұйымның ресми алты тіліне арналған күнді тойлау ұсынысынан кейін пайда болды. 6 маусымлды таңдау себебі – осы күні орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин дүниеге келген.

1845 жылы Атбасар қаласының негізі қаланды. Астанадан солтүстік-батысқа қарай 232 шақырым жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң жағалауында орналасқан. Қазан төңкерісіне дейін мұнда Атбасар жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 жылы аудан орталығына айналды. Ақмола-Қарталы тас жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады.

1987 жылы Алматы облысының бұрынғы Кеген ауданында Ораз Жандосов тұрған және қызмет істеген үйде ескерткіш тақта орнатылды.

1991 жылы Қазақстанның жоғары білікті халық шаруашылығы мамандарын университеттік деңгейде даярлауды кеңейту мақсатында әрі Орта Азияның ежелгі ғылыми-мәдени ошағы болған Түркістан қаласын дамытуға серпін беру үшін Түркістан мемлекеттік университеті ашылып, оған ұлы ақын әрі ағартушы Қожа Ахмет Яссауидің есімі берілді.

Тағы да оқыңыз: