Халықаралық диетаға қарсы күн

Бұл күннің идеясы қоғамда қалыптасқан таптаурындардың жетегіне ермей, өз-өзін жаратылған қалыпта қабылдауға негізделген. Бұл күн салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Алғаш рет Халықаралық диетаға қарсы күн 1992 жылы Ұлыбританияда аталып өтті. Кейін бұл бастаманы АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Израиль, Дания, Бразилия және басқа елдердің феминизмді жақтаушылары қолдады.

1998 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды.

2003 жылы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті.

2003 жылы Астанада «Халықтар достығы» ескерткіші ашылды. Авторы – Сәкен Нарынов.

2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан құрылған пошталық блок пайдалануға енгізілді. «Естелік және мерейтойлық даталар» топтамасындағы әрбір марканың атаулы құны 200 теңгені құрайды.

1936 жылы 6 мамырда жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ілия Жақанов дүниеге келді.

Тағы да оқыңыз: