55 жастан асқан қызметкерді жұмысқа шығуға мәжбүрлесе не істеу керек? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

55 жастан асқан қызметкерді жұмысқа шығуға мәжбүрлесе не істеу керек?

31.03.2020, 10:00

253 0

Kyzylorda-news.kz. Жұмыс беруші 55 жастан асқан қызметкерді жұмысқа шығуға мәжбүрлеген жағдайда полицияға хабарласу керек. Бұл туралы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков мәлімдеді.

«Шынымен де қазіргі кезде 55 жастан асқан адамның жұмысқа шықпауына кеңес берілген, сондай-ақ қажет болмаса көшеге шығудан тартынған жөн. Алайда жұмысын жалғастырып жатқан мекемелер бар және оларда жасы 55-тен асқан адамдар күзетші қызметінде болуы мүмкін», – деді О. Данабеков Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселені тікелей жұмыс берушімен шешуге кеңес біріледі.

«Алайда тиісті уәжге қарамастан, жұмысқа шығуға мәжбүрлесе, онда полицияға хабарласуға болады. Сәйкесінше, мәселені құқықтық жолмен шешу қарастырылған», – деді Олжас Данабеков.

0

Пікір қалдыру