Kyzylorda-news.kz Продюсер Баян Мақсатқызы сәбиін үйге тастап, өзі түсірілім алаңына келді, деп хабарлайды KYN.KZ
Баян Мақсатқызы бұрын-соңды болмаған жанрда фильм түсіруді бастап кетті.
“Керемет іс-шараның ашылуында тұрмыз. Әуелі мені үшінші рет ана атануыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қызымды үйге қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Бұрын-соңды болмаған жанрға фильм түсіруді бастап кеттік. Барлығы кәсіби түрде жүзеге асырылады. Комедия жанрын таңдадық”, – деді продюсер.
Осы ретте желі қолданушылары кеше ғана ана атанған продюсердің түсірілім алаңында жүргеніне таңқалды.
Сурет: Видеодан скриншот