**Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні** Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. **1973 жылы** ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында республиканың археологиялық материалдарын сақтау және ғылыми зерттеу нысаны ретінде елдің ең көне мұражайларының бірі – Археология музейі ашылды. 2010 жылы музей «Ғылым ордасы» ғылыми кешенінің құрамына кірген. **1994 жылы** Елбасы Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Венгр Республикасына ресми сапар шекті. Будапешт қаласында әлемнің ядролық державалары – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания басшылары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға және стратегиялық қарулы қақтығысты шектеу туралы келісім жөніндегі бекіту қағаздарын алмасу туралы құжатқа қол қойды. **2000 жылы** Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Айдосов Абылай Хангерейұлына «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. **2011 жылы** Астана кардиохирургия орталығынан жасанды жүрек салынған алғашқы пациент шықты. **2011** жылы Қазақстанның пошта айналымына ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Атаулы, мерейтойлық күндер және мерекелер» сериясындағы ескерткіш көркемсурет маркасы айналымға шықты.