Kyzylorda-news.kz 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Акбар Мәріп Шәріпұлы осы салада қызмет етіп жүрген азаматтар мен сала майталмандарын, табиғат жанашырлары мен экобелсенділерді құттықтай отырып, облыс бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ең алдымен басқарма басшысы адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптың бірі – Арал дағдарысын шешу бағытындағы жұмыстар жөнінде тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 5 жыл ішінде 1 млн гектардан аса 
аумақта сексеуіл екпелері егілуде. Бүгінгі күнге жалпы 600 мың гектардан аса жергесексеуіл егілді, келесі жыл аяғына дейін жоспар бойынша бекітілген меже орындалатын болады. Бұл жұмыстарды атқару үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 400,0 млн.теңгеден аса қаржы тұрақты бөлінуде, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мәріп Шәріпұлы.

Жалпы өткен жылы орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін қажетті техникалар мен құрал жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 866,9 млн.теңгеге 94 техника алынды. Ал биыл 77,1 млн.теңге бөлінді. Алдағы уақытта 78 техника алынатын болады. Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау бағытында маңызды істердің бірі – тұрмыстық қатты қалдықтарменжұмыстарды тиімді жүргізу болып табылады. 2024 жылдың І тоқсанында облыс бойынша жинақталған 75 762 тонна тұрмыстық қатты қалдықтардың 21 270 тоннасы өңделіп, пайыздық үлесі 28%-ды құрады.

Бүгінгі күні облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда. Кәсіпорындармен картон, қағаз қалдықтары жинақталып, қағаз өнімдері мен эковата шығарылуда.

Одан бөлек, пластмасса, пластик бөтелкелерін қабылдауға арналған арнайы контейнерлер орналастырып, жинақтайтын кәсіпорындар саны артуда.

– Мемлекет басшысының «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы Экология министрлігімен қалдықтар саласындағы жобаларды қаржыландыруға «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы арқылы 200,0 млрд.теңге бөлінді. Қаржы кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласындағыжобаларға 3 пайызбен 20 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады. Сондай-ақ, Қызылорда облысында инвесторлар анықталып, жалпы құны 
41,4 млрд.теңгені құрайтын 8 жобалар бойынша жұмыстар жүруде. Барлық инвесторлармен тиісті құжаттар жинақталып, өтінімдер жолдануда. Бүгінгі күні,6 жоба инвесторлары тарапынан тиісті өтінімдер жолданды, 2 жоба инвесторлармен жақын арада өтінім жолданатын болады, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Бұған қоса Сырдария ауданындағы сұрыптау кешені мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға биыл облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Ауылдық аумақтарды дамыту» тапсырмасына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен облыстағы елді мекендер арасында тазалыққа, көркейту-көгалдандыруға, елді мекеннің қас келбетін әсем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жыл сайын өткізілуде.

2023 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, облыс аумағында «Үлгілі» атанған елді мекендерге барлығы 29 коммуналды техникалар сатып алынып, таратылды.

Биылғы жылы конкурс жалғасын табуда. Облыстық бюджеттен 436 млн.теңге бөлінді. 19 техника сатып алынып, конкурс жеңімпаздарына табысталатынболады. Қазіргі таңда конкурсқа қатысушы елді мекендердің құжаттары жинақталуда.

Тағы да оқыңыз: