**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/ru/obshestvo/). Солтүстік-батыс жотасынан келген антициклон ҚР аумағына қарай жылжи береді, бұл ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды Қазгидромет.** Алайда өтіп бара жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: