Kyzylorda-news.kz Алматыда танымал супермаркеттер желісі картоп сатуға шектеу енгізді. Ал қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мегаполисте картоп тапшылығы жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқарма мәліметінше, сауда орындарының қоймаларындағы қорлар жергілікті халықтың сұранысын өтеуге жеткілікті.
Ресми мәлімет бойынша, форвардтық сатып алулар аясында Алматыдағы супермаркеттердің бірінде картоптың келісі 157 теңгеден сатылып жатыр.
"Бұл қаладағы ең төмен баға. Осыған байланысты кей кәсіпкерлердің картопты жоғары бағамен қайта сату үшін жаппай сатып алу фактілері бар. Алыпсатарлық пен картоп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін көтерме сатып алуға уақытша шектеулер енгізілді", – делінген хабарламада.
Фото: Freepik