Kyzylorda-news.kz. COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу құны 4,9 мың теңгеге дейін төмендетілді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы 17 өңірде қызмет көрсетеді.
ПТР тест құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар, республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.
Бұрын, агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ “Олимп” ЖШС мен “Инвиво” ЖШС-мен қосқанда 36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті.
2022 жылдың бірінші тоқсанында агенттік бәсекелестік деңгейін анықтау, доминанттарды анықтау және қызметтердің бағасын зерттеу мақсатында COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасауды жоспарлап отыр.