Kyzylorda-news.kz. 4 сәуірде көптеген қазақстандықтарға 42500 теңге төленуі мүмкін деген ақпараты бар SMS-хабарлама келген. Алайда SMS келгендердің барлығы төлем ала алмайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгерістер жариялады.

42500 теңге жәрдемақыны кім ала алады?

Төлемге азаматтардың 7 санаты үміткер бола алады.

  • Төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмай жұмыстан демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
  • Карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін және осыған байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері.
  • Жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын табыстан айырылған жеке кәсіпкерлер.
  • Жеке практикамен айналысатын адамдар.
  • Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер – жеке тұлға.
  • ТЖ салдарынан кірістерін жоғалтқан, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімдер бойынша табыс алатын адамдар.
  • Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың (мемлекеттік заңды тұлғалардан басқа) қызметкерлері.

42500 теңге әлеуметтік төлем алуға үміткерлер тізіміне кім кірмейді?

Төлем алуға үміткер бола алмайды:

  • Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ тұлғалар, БЖТ төлейтіндерді қоспағанда.
  • Өтініш берілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ БЖТ төлеушілер.
  • Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде зейнетақы аударымдарын төлемеген АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.

Тағы да оқыңыз: