Халықаралық гепард күні

Жыл сайын атап өтіледі. Атаулы күн гепардтарды қорғаудың маңызы туралы ақпаратты тарату мақсатында бекітілген. Гепард құрлықты мекендейтін сүтқоректілердің ең жылдам өкілі ретінде танымал. Мысық тұқымдасына жататын жануардың жылдамдығы 110 км/сағатқа дейін жетеді. Бірақ олардың табиғаттағы саны тым азайып кеткендіктен, қажетті шаралар қолға алынбаса жойылып кету қаупі бар.

Қырғызстанда «Манас» эпосының күні

Бұл күн ел Парламентінің кеңесімен және Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің бастамасымен Республика Үкіметінің 2015 жылдың 27 сәуіріндегі №259 қаулысымен бекітілген.

1919 жылы Семей губерниясы партия комитеті «Семей таңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан кейін аптасына 3 рет шығатын болды. Еңбекшілерді революцияны қорғауға шақырды. 1923 жылы «Еңбекші жас» атты айдарын комсомол жастарына арнап шығарды. «Семей таңы» редакциясында Ж.Аймауытов, Ш.Тоқжігітов, С.Дөнентаев, М.Тұрғанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов жұмыс істеді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанынан ҚР Тұрақты өкілдігі ашылды.

1995 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі ашылды.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазтеңізкөлікфлот» ұлттық теңіз кеме компаниясы» АҚ құрылды.

2013 жылы ҚР Ұлттық банкі «Шығыс күнтізбесі» сериясында 500 теңге номиналымен «Жылқы жылы» атты алтын және күміс естелік монеталарын айналымға енгізді.

Тағы да оқыңыз: