Халықаралық өрт сөндірушілер күні

1999 жылы Австралияда болған орман өртінде бес өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты бекітілді.

1939 жылы Қазақстан композиторларының одағы құрылды.

1993 жылы Алматыда Абай атындағы қалалық қордың тұсауы кесілді.

2012 жылы Астана қаласында Эстония Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов және Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Паэт қатысты.

2012 жылы Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников Ауған соғысының ардагері қазақстандық Олег Александрович Багаевқа «Қызыл Жұлдыз» орденін табыс етті. Елші О.Багаевтің «Қызыл Жұлдыз» орденімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылдың 7 қыркүйегіндегі Жарлығымен марапатталғанын атап өтті.

2013 жылы Алматыда ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді.

2015 жылы Алматыда Рейхстаг ғимаратына Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа (1924-1988) арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тақта «Алматы» қонақүйінің қасбетіне орнатылды. Бұл жерде Р. Қошқарбаев соғыстан кейін 20 жыл басшы болып еңбек еткен. Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың бірі қазақ Рақымжан Қошқарбаев болатын. Осы батырлардың ерлік істері өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді.

2017 жылы «Бабалар ізімен» 65 күндік ғылыми экспедициясы басталды. Ғылыми топ Ресей, Әзербайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдова, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Италия, Франция, Венгрия және Ватикан сияқты елдерге барды.

Тағы да оқыңыз: