Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 180 мың адам түрлі ісік ауруларына шалдыққан. Елдегі әрбір жүзінші адам обыр дертімен күресіп келеді.

Осыдан екі жыл бұрын Үкімет Қаулысымен 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.

1. Тәуекел факторларын басқару және алдын алу

2. Жоғары тиімді ерте диагностика

3. Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу

4. Кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту

Онкологиялық аурулардың ішінде 1 орында – сүт безі қатерлі ісігі, 2 орында – жатыр мойыны қатерлі ісігі, 3 орында – тері қатерлі ісігі тұр. Сонымен қатар асқазан, бауыр, тоқішек қатерлі ісігі де асқынған.  Дәрігерлер жыл сайын кесел белгілері бар 35 мың адамды тіркейді екен. Өкінішке қарай, ауруды жеңіп, құлан-таза айығып кететіндердің қарасы аз. Жыл сайын шамамен 15 мың адам жаман аурудың құрбаны болады. Ал мемлекеттен тегін ем-дом мен скрининг жүргізу үшін 40 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1800-ге тарта шығысқазақстандық, 1600-ден аса алматылық тұрғын ісік ауруына шалдыққан. Дерт дендеген өлкелердің бірі – Қарағанды облысы. Мұндағы халықтың 1200-ден астамы обырдан емделіп жатыр.

Тағы да оқыңыз: