Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.