Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтілетінін кең антициклон анықтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек солтүстік-батыста, ҚР оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.
