Халықаралық зергерлер күні

Ежелгі Грекия зергерлік өнердің отаны болып саналады. Асыл тастар алғаш өңделіп, ең сәнді әшекей бұйымдар осы жерде жасала бастаған. Ежелгі шеберлердің қолынан шыққан бұл туындылар бүгінгі күнге дейін ең ғажайып туындылар қатарында.

2006 жылы басқаруына ұлттық компаниялар мен республикалық мекемелердің мемлекеттік үлесі берілген «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ құрылды.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң жеке және заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.

2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы жарияланды.

2017 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталарды айналымға шығарады.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1±0,31 г, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

Тағы да оқыңыз: