1918 жылы Ташкентте өткен Түркістан кеңестерінің V төтенше аймақтық съезінде РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.

1789 жылы АҚШ алғашқы президентінің ұлықтау рәсімі өтті. Ол америкалық Құрылық әскерінің бас қолбасшысы Джордж Вашингтон болды.

1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды.

2010 жылы Ұлан-Батордағы Моңғол ғылым академиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Еуразия жүрегінде» кітаптарының тұсауы кесілді.

2014 жылы Президент Н. Нарзарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты.

2015 жылы Петропавлда Жеңіс саябағында азат етуші жауынгерге ескерткіш орнатылды. Оның биіктігі – 4,5 метр. Салмағы 3 тонна. Мүсін авторы Светлана Брютова.

Тағы да оқыңыз: