Химиялық қару құрбандарын еске алу күні

Бұрын Химиялық қару құрбандарын еске алу күні 29 сәуірде тойланатын. Өйткені 1997 жылғы сәуірдің 29-ында Химиялық қаруды әзірлеу, өндіру, жинау және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенция күшіне енген болатын. Химиялық қаруға тыйым салатын конвенцияға әлемдегі барша ел қосылды деуге болады. 2015 жылы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының кезекті сессиясында 29 сәуірді ХҚТҰ құрылған күн ретінде тойлап, Химиялық қару құрбандарын еске алу күнін 30 қарашаға көшіру туралы шешім қабылданды.

Халықаралық ақпаратты қорғау күні және Копьютерлік қауіпсіздік күні

Бұл мерекені алғаш рет 1988 жылы Американың Компьютерлік жабдықтар қауымдастығы жариялаған. Бұл жылы құрушысы Морристің атауын алған «құрттың» бірінші жаппай эпидемиясы тіркелген. Копьютерлік қауіпсіздік күнінің мақсаты – пайдаланушыларға өз компьютерлері мен онда сақтаулы ақпаратты қорғау қажеттілігі туралы еске салу. Міндеті – компьютерлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ақпаратты тарату.

1970 жылы Екібастұзда (Павлодар облысы) «Богатырь» разрезінің іске қосу кешені пайдалануға берілді.

Әлемдегі ең ірі деп танылған «Богатырь көмір» компаниясының разрезі энергетикалық шикізаттың сенімді жеткізушісі. Оның көмірімен Қазақстанның – 11, Ресейдің – 6 электр стансасы жұмыс істейді.

2011 жылы Алматы ресми түрде 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада астанасы болып жарияланды.

2014 жылы даңқты балуан, 1980 жылғы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров «Әлемнің үздік балуаны» атағына ие болды.

Бұл марапатты әйгілі спортшыға «Бірлескен күрес әлемі» деп аталатын халықаралық күрес федерациясы табыстады.

2015 жылы Астанада 1992 жылы шығарылған Қазақстанның почта маркаларының көрмесі өтті.

Тағы да оқыңыз: