Kyzylorda-news.kz "Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 30 сәуірде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: