1925 жылы «Жас қайрат» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда Орынборда, кейін Қызылордада шыққан басылымның таралымы 2000 дананы құраған. «Соңғы жетінің ішінде» айдарында шет елдердегі, Кеңес одағындағы жаңалықтармен таныстырса, «Қазақстан жастары» бөлімінде жергілікті ұйым өмірін, жеке жастардың талап-тілектерін жариялап тұрған. «Тәні саудың – жаны сау» айдарымен дәрігерлік кеңестер, спорт жөніндегі материалдар беріп отырған. Қаржы тапшылығына байланысты басылым 1926 жылы қазанның 30-ында 57-ші саны жарық көргеннен кейін тоқтаған.

1990 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті құрылды және оны 1992 жылы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті мойындады. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Халықаралық Олимпиада комитетінің, Азия Олимпиада кеңесінің және өзге де халықаралық спорт ұйымдарының мүшесі. Қазақстандағы спортты дамыту қызметімен айналысады.

1992 жылы Алматы қаласында АҚШ елшілігі ашылды. Америка Құрама Штаттары 1991 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды.

Тағы да оқыңыз: