Kyzylorda-news.kz. Қаңтардың 29-ы күні Қазақстанның батыс аудандарына солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және ауа температурасы көтеріледі.

Республиканың кей жерлерінде сонымен қатар бүгін тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: