Kyzylorda-news.kz Келер аптаның жексенбісінде Қазалы ауданындағы Арықбалық ауылдық округіндегі тұрғындар ауыл өмірі үшін маңызды қадам жасайды.

4 жыл мерзімге жаңа әкімді сайлау арқылы тұрғындар өз таңдауын жасап, азаматтық үн қоса алады.

Ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде 3 азамат тіркелді. Олар сайлаушылармен кездесу өткізіп, үгіт жүргізу шеңберінде өз сайлауалды бағдарламаларын жүргізуде. Кандидаттардың 6 сенім білдірілген адамы тіркеліп, куәліктерін алды.

Кандидаттардың орташа жасы - 41.

Округте 939 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлау науқанында 7 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтар өтініш қалдыру арқылы тасымалданатын жәшіктің көмегімен дауыс бере алады.

Тағы да оқыңыз: