Kyzylorda-news.kz. Антициклон әсерінен Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ал Қазақстанның қалған аумағында ауа райын Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрады.

Павлодар облысында жел жылдамдығы түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны – 15-20 м/с.

Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел екпіні -15-20 м/с.

Тағы да оқыңыз: