1920 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарихының құжаттама орталығы құрылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғаш рет ресми сапармен барды. Кремльде Қазақстан-Ресей келіссөзінің қорытындысы бойынша саяси, экономикалық, әскери және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты 23 құжатқа қол қойылды.

2000 жылы Шәкен Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемлекеттік фильмдер қоры Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК-на біріктірілу жолымен қайта құрылды.

2017 жылы Лондондағы қазақстандық студенттер Орталық Азия елдерінің «Наурыз» фестивалі аясында Қазақстан мәдениетін көрсетті.

Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Иран, Түркия, Қытай, Татарстан, Өзбекстан өкілдері қатысты.

Тағы да оқыңыз: