Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 28-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағы бойынша фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, таулы аймақтарда нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде облыстың шығысында найзағай ойнайды.

Тағы да оқыңыз: