Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклонның шығуына байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Тек еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.