«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыс күні1989 жылдың ақпанындағы екі жарылыстан кейін (12 және 17 ақпан) Қазақстан Жазушылар одағына мыңға жуық жастар жиналды. Митингте алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Оған тарихтағы ең үлкен ядролық қару сынағы өткен екі қаланың атауы берілді.
1992 жылы ҚР Байланыс министрлігіне қарасты «Қазтелеком» кәсіпорыны Алматыда халықаралық спутниктік байланыс жүйесін орнататын Аустралияның «ОТС» фирмасымен келісімшартқа отырды. Қазақстан Аустралия арқылы бүкіл әлеммен байланысу мүмкіндігіне ие болды.
2002 жылы Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Орталық Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды.
2013 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Кишинев қаласында Қазақстан Республикасының бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды.