Кәсіпкердің өзі Германиядан болса да АҚШ-та жылжымайтын мүлікке ие.

Фото: Instagram/atyrauoil.official

Атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы неміс миллиардері Хорст-Дитер Эшке тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылар бірнеше ай бұрын некелерін заңдастырған, ал жуырда олар қызды болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі atyrauoil.official парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл миллиардердің екінші қызы, бірінші қызы - 1971 жылы Югославия моделінен.

Ерлі-зайыптылар қазір Мексикада тұрады. Кәсіпкердің өзі Германиядан болса да АҚШ-та жылжымайтын мүлікке ие.

Үйленгеннен кейін Алина бұрынғы достарынан алшақтап, енді тек күйеуінің ортасымен араласады. Қыздың ата-анасы жас айырмашылығына қарамастан оның таңдауын қолдады. Ол қазір сәнді сыйлықтарға толы жабық әлемде өмір сүреді. Өзінің жеке өміріне түсініктеме беруге тыйым салынған.

Алинаның ата-анасы киім дүкенінің иелері. Әлеуметтік желіде отбасының сәнді пәтерлері, шетелдегі демалысы туралы суреттер жоқ.

Тағы да оқыңыз: