Kyzylorda-news.kz. Сенбі күні еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарында ауа райына циклондар әсер етеді. Салдарынан аталған өңірлерде жауын жауады, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райы жалғасады.Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: