Дүниежүзілік ақпарат күні

Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі.

ХАА – БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінде Бас консультативтік мәртебесі бар әлемдегі жалғыз академия. Әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген, бірнеше ірі қалаларда штаб-пәтері орналасқан. Ақпараттық қызмет саласына байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жасаумен айналысады.

Халықаралық етікшілер күні

Дизайнмен, аяқ киім дайындаумен, тігумен айналысатын шеберлер мен қолөнершілердің, сондай-ақ осы өндірісте жұмыс істейтін, аяқ киім жөндейтін мамандардың кәсіби мерекесі.

1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Төле бидің ескерткіші ашылды.

1997 жылы Алматыдағы көшелердің біріне ғалым Мүсілім Базарбаевтың есімі берілді.

2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні және Еңбек күні белгіленді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Мәдениет және өнер қызметкерлеері күні 21 мамырда, Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

2017 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет 21 жастағы Жалғас Тайкенов Азия параканоэ чемпионатында топ жарды. Азияның он елінен 75 спортшы қатысқан турнирдің 200 метрге жарысының KL-3 квалификациясында жүйрік атанған отандасымыз финалда Иран өкілін артқа тастап, чемпион болды..

Тағы да оқыңыз: