1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық түркология съезі өтті. Оған түркі халықтарының өкілдері, КСРО Ғылым академиясының, Шығыстану ғылыми қауымдастығының, Украина академиясының, Закавказье шығыстану қауымдастығының мамандары, шетелдік делегаттар, соның ішінде Түркия және Германиядан келген ғалымдар қатысты. Съезде Әзербайжанның латын графикасына көшу тәжірибесінің негізінде Одақтың басқа республикалары мен облыстарында тұратын халықтардың әліпбиін латын жазуына көшіру ұсынылды. Ол үшін жаңа түркі әліпбиінің Бүлкіодақтық орталық комитеті құрылатын болды. Осылайша, араб жазуын қолданып келген түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру қозғалысы басталды.
**
1993 жылы** ел шекарасының бүтіндігін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы» Заң күшіне енді.
1998 жылы Қызылорда облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасы құрылды.
**
1999 жылы** Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан,Тәжікстан және Ресей Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды.
2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс монеталары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» монеталарын шығарды.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін сақтауға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға үлес қосқан ҚР және шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.
