Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болып, жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: