25 ақпанда ауа райы қандай болады? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

25 ақпанда ауа райы қандай болады?

25.02.2021, 9:00

466 0

Kyzylorda-news.kz.  Синоптиктер 25 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Елдің оңтүстік-шығысында жел екпіні 30 м/с жетеді және одан асады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел жылдамдығы – 30 м/с және одан асады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің күші – 25 м/с.

Павлодар облысы, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

0

Пікір қалдыру