Эволюция күні

Бүкіл әлем ғалымдары жыл сайын 24 қараша күні Чарльз Дарвин еңбегінің жарияланған күнінде арнайы мереке – Эволюция күнін атап өтеді. Дарвиннің бұл кітабы эволюциялық биологияның негізі болып саналады, алғаш рет 1859 жылдың 24 қарашасында жарық көрген.

**
1854 жылы** Верный бекінісінің (1921 жылдан – Алматы, 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстан астанасы) негізі қаланды. Бекіністің аумағына көп бұрышты саз балшықтан салынған қабырға (қорған) тұрғызылды жəне Кіші Алматы өзе­нінің суы толтырылған айнала ор қазылды. Бекініс қабырғасының ішінде офицерлердің үйлері, солдаттардың казармасы, шағын ағаш шіркеуі, əскер абақтысы мен қоймалар болды.

1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің атауы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді.

2010 жылы Орынборда 1917-1920 жылдары Алаш Орда алғашқы қазақ үкіметінің отырысы, І және ІІ Жалпықазақ съездері өткен, 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінің редакциясы орналасқан, оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйлерде мемориалдық тақталардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемориалдық тақталар Қазақстан Премьер-Министрі К. Мәсімовтің бастамасымен және ресейлік биліктің қолдауымен орнатылды.

2015 жылы Қазақстанда қазақ тіліндегі 4 000 кітапты оқуға мүмкіндік беретін «kitap» тегін ұялы қосымшасы пайда болды.

Тағы да оқыңыз: