Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Қазақ Ұлттық медицина университеті Т.Ә. Момыновтың басшылығымен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) қолдауымен туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық бағдарламаны орындап отыр. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.

Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. 4-6 мың адам қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектікке шығады.
НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алу күні. 7 жыл бұрын (1999) НАТО-ның Югославияға әскери операциялары басталды.

Адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығының халықаралық күні

2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен бекітілген. 24 наурыздың таңдалу себебі – 1980 жылы дәл осы күні төртінші Сан-Сальвадор архиепископы Оскар Ромеро қайтыс болды. Ол әлеуметтік теңсіздікке, кедейлікке, күш қолдану мен адам өлтіруге қарсы күресудің ірі қайраткері, танымал құқық қорғаушы еді.

1976 жылы Семей қаласынан 70 шақырымда орналасқан Шүлбі су электр стансасының құрылысы басталды. Ол Ертіс бойындағы үшінші әрі белгіленген қуаттылығы жағынан Қазақстандағы ең ірі СЭС.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасының арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы ноталар алмасылды.

2000 жылы Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді.

Тағы да оқыңыз: