Kyzylorda-news.kz Қазақстанда тұрғын үйді бөлудің жаңа бірыңғай жүйесі іске қосылады, - деп хабарлады Dauletten.kz.
Енді үй кезегі жергілікті әкімдіктер емес, Отбасы банкі арқылы жүргізіледі және онлайн бақыланады.
Бұрынғыдай тек жеңілдік санатындағы азаматтар ғана емес, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үй кезегіне тұру үшін өтініш бере алады.
Басты шарт – соңғы 5 жылда өтініш берушінің атына жеке тұрғын үй тіркелмеуі керек.
Отбасы банкі өтініштерді 24 мамырдан бастап арнайы сайт арқылы қабылдайды.
Өтініш беру тәртібі:
1. ЭЦҚ арқылы сайтқа кіру
2. Егер бар болса – әлеуметтік осал топты таңдау
3. Деректерді өңдеуге келісім беру
4. Егер үй апатты болса – техникалық қорытындыны жүктеу
5. Жүйе автоматты түрде сіздің деректеріңізді және тұрғын үйдің бар-жоғын тексереді.
Фото Ru.freepik.com